04.01.2008, 10:06 1603

Қазақстанда оқыс оқиғалардан 3 адам қаза тауып, 11-і ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

Қазақстанда оқыс оқиғалардан 3 адам қаза тауып, 11-і ауруханаға жатқызылды - ТЖМ

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулікте оқыс оқиғалардан 3 адам қаза тауып, 11-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 4 қаңтарда 00 сағат 50 минутта Тараздағы көп пәтерлі үйде болған. 5 адам, соның ішінде екі бала табиғи газдың шығуы салдарынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысының Ембі қаласында жай үйде 24 литрлік газ баллонын тұтыну кезінде жарылыс болды, оның арты өртке ұласқан жоқ. Оқыс оқиғаның салдарынан 5 адам, соның ішінде екі жасар бала күйікке шалдықты. "Жарылыс салдарынан үй жартылай бүлінді", - деп хабарлайжы баспасөз қызметі.

Алматының Алмалы ауданында 50 литрлік газ баллонын тұтыну кезінде газ шығу салдарынан газды-ауалы қоспа жарылды, бірақ қуанышқа қарай өрт шыққан жоқ. Осының салдарынан 66 жастағы ер адам күйкке шалдығып ауруханаға жатқызылды.

3 қаңтарда 13 сағатта Қостанайда көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 2 адам көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының Чистое ауылында 09 сағатта ауылдан 500 метр жерде жолдың жиегінде 41 жастағы ер адамның мәйіті табылды. "Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ер адам үсіп өлген", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны