10.02.2010, 12:30 1383

Қазақстанда өткен тәуліктерде жол апаттарынан алты жаяу жүргінші зардап шекті, олардың екеуі қаза тапты

Қазақстанда өткен тәуліктерде жол апаттарынан алты жаяу жүргінші зардап шекті, олардың екеуі қаза тапты

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен тәуліктерде жол апаттарынан алты жаяу жүргінші зардап шекті, олардың екеуі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Рысқұлов пен Райымбек көшелерінің қиылысында сағат 08.58-де "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі алты жасар бала мен 42 және 53 жастағы үш ересек адамды соқты. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Ақсу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 399-шы шақырымында сағат 17.20-да "Ниссан" көлігінің жүргізушісі 77 жастағы әйелді соқты, кейуана сол жерде жан тапсырды.

Сол күні Атырау қаласындағы Баймұханов көшесінде сағат 18.27-де "Фан" бағытты автобусының жүргізушісі бес жасар қызды қақты.

Соның салдарынан бала ауруханада қайтыс болды.

ТЖМ хабарламасына сәйкес, Жамбыл облысында Алматы - Ташкент тас жолының 444-ші шақырымында сағат 01.30-да "Лэнд Ровер" автокөлігі мен КамАЗ автокөлігінің тіркемесі соқтығысты.

Соның салдарынан 40 жастағы "Лэнд Ровер" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, жеті жасар бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны