30.06.2010, 11:20 6448

Қазақстанның бірқатар аймақтарында күн ыстық болады - ТЖМ

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, 2010 жылдың 30-ы күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады,ал республиканың солтүстік-батыс және шығыс өңірлеріне атмосфералық ағымдар әсер етеді.

Астана. 30-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанның бірқатар аймақтарында күн ыстық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараттарына сүйенсек, 2010 жылдың 30-ы күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады,ал республиканың солтүстік-батыс және шығыс өңірлеріне атмосфералық ағымдар әсер етеді.

Ал Маңғыстау мен Атырау облыстарының жекелеген өңірлерінде аптап ыстық күтілуде. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмоланың кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күн ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аумақтарында желдің күші секундына - 15-22 метрді құрамақ.

Сонымен қатар "Қазгидромет" бүгін, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны