11.05.2011, 19:50 3498

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Шымкенттің солтүстік-батысынан 147 шақырымда және Жаңатастың солтүстік батысынан 15 шақырымда болған.

Алматы. 11 - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 13.50 Қазақстанның оңтүстігінде 3,4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еуропалық сейсмологиялық орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Шымкенттің солтүстік-батысынан 147 шақырымда және Жаңатастың солтүстік батысынан 15 шақырымда болған.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгін сағат 10.36 Қазақстан мен Қытайдың шекарасында жер сілкінген болатын. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы облысының Жаркент қаласынан шығысқа қарай 85 шақырымда және Қытайды Уйнинг (Yining) қаласынан 64 шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы жеті шақырымдық тереңдікте орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны