13.09.2011, 12:05 2793

Қазақстанның шығысында 350 тонна пішен өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысында Көкпектi ауданы "Көктерек" ШҚ аумағындағы өрттің салдарынан 350 тонна пішен өртеніп кеттi.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның шығысында 350 тонна пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында Көкпектi ауданы "Көктерек" ШҚ аумағындағы өрттің салдарынан 350 тонна пішен өртеніп кеттi, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгінің баспасөз қызметi.

"12 қыркүйек. Сағат 00:40. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпектi ауданы, Көкпектi а/о, "Көктерек" ШҚ. Жиналған пішен өртенді", - деп ақпарат береді баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ дерегіне қарағанда, өрт сағат 16:30-да оқшауланып, 20:25-те сөндірілді.

"Өрт салдарынан пішен өртеніп кеттi. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны