30.01.2012, 13:34 3210

Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі орын алды

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.26 тіркеліп, күші 4,5 балл екені анықталған. Дүмпу орталығы Ош қаласынан солтүстік батысқа қарай 25 км және Кара-Сууй ауданына қарай 15 км қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуінің күші Ош қаласы маңында 4 балл, Кара-Добо селосында - 4,5 балл болды.

Астана. 30-қаңтар. Kazakhstan Today - Қырғызстанда 4,5 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 29-қаңтары күні Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 07.26 тіркеліп, күші 4,5 балл екені анықталған. Дүмпу орталығы Ош қаласынан солтүстік батысқа қарай 25 км және Кара-Сууй ауданына қарай 15 км қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуінің күші Ош қаласы маңында 4 балл, Кара-Добо селосында - 4,5 балл болды.

Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны