21.04.2008, 10:50 1383

Қырғызстанда Ресейдің әскери әуе базасына қарулы шабуыл жасалды

Қырғызстанда Ресейдің әскери әуе базасына қарулы шабуыл жасалды

Бішкек. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Қант қаласында орналасқан Ресейдің әскери әуе базасына қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшілігіне сілтеме жасай отырып.

Ресей Федерациясының елшілігі хабарлағанындай тосын оқиға 20 сәуірде сағат 02.00 болды. Номерсіз джип көлігі Қант қаласындағы Ресей Федерациясының әуе базасының әскери қызметкерлері отырған жеңіл көлігіне бөгет жасау арқылы тоқтатты.

"Республиканың милиция қызметкерлерінің формасын киген үш адам табельді қарумен көліктен шығып, ешбір құжаттарын көрсетпестен Ресейдің әскери қызметкерлерін көліктен шығарып жерге жатқызып, соққының астына алды. Содан кейін шабуыл жасағандардың бірі оқ атып, бір офицерді ауыр жаралады. Олар зардап шеккендерді күшпен көлікке отырғызып, Бішкек жаққа алып шықты. Кейін шабуыл жасағандар Қантқа оралып, сағат 03.00 Ресейлік азаматты аудандық ауруханаға жеткізіп, іздерін суытты ", -деп хабарлады елшілікте.

Ресей елшілігінің ақпараты бойынша, болған оқиға жөнінде Қант құқық қорғау органдары мен басқарма базасына ақпарат берілмеді. "Зардап шеккендердің біреуі оқиға болғаннан кейін бір жарым сағаттан соң жетекшілерге болған жағдайды хабарлаған. Базаның өкілдері аудандық ауруханаға келген кезде онда ҚР ІІМ бір топ қызметкерлерінің жүргенін көрген. Олар өздерін таныстырмады және басшылар тарапынан оларға ақпарат беруге тыйым салынды".

Оқтан жараланған адам Ұлттық хирургиялық госпиталіне жеткізіліп оған шұғыл түрде операция жасалды. Оның көк бауыры, бір қабырғасы кесіліп алынды, сондай-ақ өкпесінің және тағы да басқа ішкі органдарының зақымдалғаны анықталды. Офицердің хал ахуалы ауыр, өміріне қауіп төніп тұр. Елшілікте айтқанындай, зардап шеккен тағы да екі адамның ресми түрде тиісті қаулылары болмағандығы желеу етіліп, оларға медициналық куәландыру жасалмады.

"Ресей елшілігі болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Елшілік ресми тұрде республиканың ІІМ тергеулерді жіті жүргізу жөнінде ресми хаттарын жіберетіндігін мәлімдеді ", - деп хабарлады елшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны