15.05.2012, 09:26 3174

Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 49 адамға жетті

Тағы 23 адамның өлі-тірісінен хабар жоқ. Қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің көбі Ганьсу аймағының тұрғындары.

Астана. 15-мамыр. Kazakhstan Today - Қытайдың орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында су тасқынынан қаза тапқандар саны 49 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тағы 23 адамның өлі-тірісінен хабар жоқ. Қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің көбі Ганьсу аймағының тұрғындары.

Табиғи апат жергілікті тұрғындарға едәуір материалдық шығын келтіріп отыр. Хунань аймағында тасқынның қуатты ағысы көпірді бұзып кеткен. Көпірден құлаған адамдардың 6-уының өлі-тірісі беймәлім. Ал Фуцзянь провинциясында үйлер мен шағын кәсіпкерлік орындарының ғимараттары бұзылды. Көптеген қалалар мен елді мекендерде көшелерді су алып кеткендіктен көлік қозғалысы тоқтап қалды. Қытайдың орталық телевизиясының хабарлауынша, Цинглю қаласында 5600 адам көшірілді. Қытайдың билік орындарының мәлімдеуінше, 150 мыңнан астам адамды уақытша көшіру керек. Ауа райын болжаушылар нөсер жаңбырдың жалғасатынын және су тасқындарының күшейе түсетінін айтуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны