02.03.2011, 13:13 3688

Қызылорда облысында болған өрттен екі бүлдіршін қаза тапты

Қызылорда облысында болған өрттен екі бүлдіршін қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында болған өрттен екі бүлдіршін қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға 1 наурыз күні облыс орталығындағы Ил-Фараби көшесінің бойындағы бір үйде орын алған.

Белгісіз себептермен тұтанған өрттің әсерінен 1,5x3 метр көлеміндегі ағаш еден жанған. Үй иелері оны өздері сөндірмек болған. Бірақ шамалары келмеген. Соның салдарынан оқиға орнынан 2006 және 2007 жылы туған Еңлік және Мінуәр Оңталап есімді екі бүлдіршіндердің мәйіттері табылды.

Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны