06.05.2011, 11:30 3676

Қызылорда облысында КҚҚБ жұқтырды деген күдікпен бір ер адам ауруханаға жеткізілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысы Шиелі ауданының аудандық ауруханасына Конго-Қырым қанды безгегі диагнозымен бір ер адам ауруханаға жеткізілген.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында КҚҚБ жұқтырды деген күдікпен бір ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысы Шиелі ауданының аудандық ауруханасына Конго-Қырым қанды безгегі диагнозымен бір ер адам ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, аурухананың жұқпа бөлімшесіне жеткізілген - Майлытоғай елді мекенінің 36 жастағы тұрғыны. 5 мамыр күні сағат 15.30 түскен азаматтың денсаулық жағдайы медицина мамандарының бағалауынша - орташа ауыр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ағымдағы жылдың 5 мамыры күні Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрығынан қырым-қанды безгегі ауруының белгісі анықталғаны зертханалық жолмен дәлелденгендігін хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан баспасөз баянында ауру табиғи ошақтан жұқты деп атап көрсетілген.

Үстіміздегі жылдың 27 сәуірі күні науқас Саудакент ауылының орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімі филиалына кене шағып түскен.

Қырым-қанды безгегі ауруын анықтау үшін жүргізілген зертханалық зерттеу нәтижелері расталды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Ауру шыққан ошақта Жамбыл облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандар тобы жұмыс істеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны