24.02.2010, 09:41 1212

Қызылорда облысында Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын жүк пойызының цистернасынан флотореагент-оксаль төгілді

Қызылорда облысында Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын жүк пойызының цистернасынан флотореагент-оксаль төгілді

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Арал ауданында Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын жүк пойызының цистернасынан флотореагент-оксаль төгілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 ақпанда "Аралқұм станциясында сағат 06.15-те Ресей мен Өзбекстан арасында қатынайтын №2112 жүк пойызының №50768670 цистернасынан флотореагент-оксаль ағып жатқаны анықталды".

"Пойыз Ресей Федерациясының Куйбышев теміржол станциясының Химическая бекетінен Өзбекстанның Ахангаран бекетіне бет алған. Жүкті алушы - Алмалык тау-кен -металлургиялық комбинаты".

Қазір цистерна Қазалы бекетінің теміржол тұйықталымында арнаулы алаңқайда тұр. "Сұйықтықтың ағу себептері анықталу үстінде, халық пен аумаққа қатері жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны