04.05.2011, 13:30 3364

Қызылорда облысында жеңіл көліктің каналға құлап кетуі салдарынан төрт адам мерт болды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен дүйсенбі күні Қызылорда облысында Қазалы ауданына қарасты Өркенді елді мекенінен алты шақырым жерде "ВАЗ" көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмауы салдарынан машина каналға құлап кеткен.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жеңіл көліктің каналға құлап кетуі салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен дүйсенбі күні Қызылорда облысында Қазалы ауданына қарасты Өркенді елді мекенінен алты шақырым жерде "ВАЗ" көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмауы салдарынан машина каналға құлап кеткен.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, көлікте болған үш азамат пен оның жүргізушісі суға кетіп, мерт болды. Жергілікті тұрғындар олардың денелерін судан келесі күні алып шықты.

Сонымен қатар, 2011 жылдың 3-мамыры күні сағат 03.45 Ақтөбе облысының Қобда ауылында "Опель" көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, Қобда өзеніне құлап кеткен. Көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы өз беттерінше судан шыққанымен, тағы бір жолаушы шыға алмай қалған. Оның денесін сағат 10.30 жергілікті тұрғындар алып шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны