28.02.2008, 18:55 4421

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ҚР ТЖМ-нің тікұшағы құлады

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында ҚР ТЖМ-нің тікұшағы құлады

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысының Жалағаш ауданында бүгін 15 сағат 55 минутта ҚР ТЖМ-нің тікұшағы құлады. Бұл туралы агенттікке ҚР ТЖМ хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақ бортында 15 адам болған. Қазір барлық зардап шеккендер түрлі дәрежедегі жарақаттармен Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Расталмаған мәліметке сәйкес, тікұшақ бортында Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед болған, ол ауруханаға жатқызылған.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, комиссия құрылып, оны төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров басқаратын болды. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау және Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілдері де кірген комиссия оқыс оқиға орнына ұшып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны