16.01.2012, 14:08 3411

Қызылордада екі ақбөкенді атқа браконьер ұсталды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы "Бесбай" деген жерде жүрген "Лэнд Ровер Дискавери" көлігін "Аңшылар одағы өнеркәсібі" мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері тоқтатты.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылордада екі ақбөкенді атқа браконьер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы "Бесбай" деген жерде жүрген "Лэнд Ровер Дискавери" көлігін "Аңшылар одағы өнеркәсібі" мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері тоқтатты.

Тексере келгенде, көлік салонынан атып өлтірілген екі ақбөкеннің еті табылды. Сондай-ақ кабинадан еш жерде тіркелмеген екі аңшы мылтығы шықты. Осыған байланысты заңсыз аң атып, браконьерлікке ұрынған 53 жасар жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны