30.11.2011, 13:51 6578

Қызылордада газбен қамтамасыз ету қалпына келтірілді

29 қараша күні Қызылордада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталып, барлық тұтынушыларға газ қайта беріле бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қызылордада газбен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 29 қараша күні Қызылордада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталып, барлық тұтынушыларға газ қайта беріле бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

Еске салсақ, дүйсенбі, 28 қараша күні Қызылорда қаласында тежегіш қақпақтың іске қосылуынан газды үлестіретін 5 шкафты бекеттің жұмысы тоқтап қалды. Оны4 салдарынан Гагарин мен Титов кенттері, Ипподром мен Сырдария шағын аудандарындағы 2650 жер үй көгілдір отынсыз қалған болатын.

Төтенше жағдайды жоюмен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның 12 адамы мен 2 техникасы айналысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны