05.03.2011, 14:58 3240

Қызылордада мұнай тасымалдайтын көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Қызылордада мұнай тасымалдайтын көлік аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордада мұнай тасымалдайтын көлік аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қызылорданың маңындағы тас жолда болған көлік апатының салдарынан шамамен 3 тоннадай мұнай төгілген.

"Қызылорда-Жезқазған" тасжолының екінші шақырымында "Мерседес" мұнай тасымалдайтын көлік аударылып, шамамен 3-3,5 тоннадай мұнай төгілді", - деп көрсетілген хабарламада.

Апат өткен жұмада орын алды. ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, көлік апатының салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны