05.03.2010, 11:40 2611

Көкшетауда магистрльдық су құбырындағы ірі апаттың салдарын жою жұмыстары осымен үшінші тәулік жалғасуда

Көкшетауда магистрльдық су құбырындағы ірі апаттың салдарын жою жұмыстары осымен үшінші тәулік жалғасуда

Көкшетау. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Көкшетауда диаметрі 70 сантиметрлік шойын магистрльдық су құбырындағы ірі апаттың салдарын жою жұмыстары осымен үшінші тәулік жалғасуда. Қалада балабақшалар, мектептер, ауруханалар, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй секторындағы жүздеген үй әлі де сусыз отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Су тек балабақшалар мен ауруханаларға ғана жеткізілуде. Қалалық әкімдіктің диспетчерлік қызметінің ақпаратына сәйкес, "суды цистернасы бар үш көлік жеткізуде, ал тұрғын үйлерге су жеткізуге көлік тапшы".

Қалалық әкімдіктің Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "биыл жер қыртысы 2,5 метрге дейін қатып қалған және апат болған жер дөңдеу келген жерде орналасқан, құбырдың жарылған тұсын табу қиындық тудыруда. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын су құбыры әбден тозған. Оны пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан".

"Апатты жоюға "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 17 адамы мен 12 арнаулы техникасы жұмылдырылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны