05.03.2013, 11:35 3673

Конгода ұшақ апатынан 36 адам қаза тапты

Бортта болған 40-тан астам адамның 36-сы қаза тапқан. Оның барлығы жолаушылар. Абырой болғандай ұшақ құлаған сәтте, ешбір ғимаратқа соқтығыспаған. Иуе апатына не себеп болғаны әзірше белгісіз. Бұл апат бойынша тексеріc басталып кетті.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Конгода Фоккер үлгісіндегі жолаушы ұшақ апатқа ұшырап, 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Лоджа - Гома қалалары бағытына ұшып шыққан ұшақ әуежайға жетпей, қала орталығында құлаған.

Бортта болған 40-тан астам адамның 36-сы қаза тапқан. Оның барлығы жолаушылар. Абырой болғандай ұшақ құлаған сәтте, ешбір ғимаратқа соқтығыспаған. Иуе апатына не себеп болғаны әзірше белгісіз. Бұл апат бойынша тексеріc басталып кетті. Жалпы Конгода әуе апаттар жиі болып тұрады. Бұл елде пайдаланылатын ұшақтардың көпшілігі әбден тозған және әуежайларда заманауи құрал-жабдықтар жетіспейді. Конгоның бүкіл әуекомпаниялары Еуроодақтың қара тізіміне енгізіліп, Одаққа мүше елдердің әуе кеңістігіне кіруге тыйым салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны