03.01.2008, 09:58 1516

Қостанай облысында 2 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды - ТЖМ

Қостанай облысында 2 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды - ТЖМ

Астана. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында 2 адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 2 қаңтарда Қостанай облысының Тобол ауылында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 72 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

Сонымен бірге, оқыс оқиға 2 қаңтарда 12 сағат 30 минутта Денисовка ауылындағы жай үйде болды. 51 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

"Көмір жағатын пештің ақауы оқыс оқиғаның шығуына себеп болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны