13.07.2007, 12:49 1228

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам, соның ішінде полицей-жүргізуші қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Қостанай облысында екі автокөліктің соғысуы салдарынан төрт адам, соның ішінде полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты шілденің 12-сінен 13-іне қараған түні Алматы - Екатеринбург тас жолында болған. " "Ауди" жүргізушісі, Алтынсарин АІІБ қызметкерлері көлігінің тізгініне ие бола алмай қалу салдарынан 25 жастағы жүргішуші айдап, ішінде 26 жастағы жігіт пен 25 жастағы қыз отырған ВАЗ көлігін соқты. Жол апаты салдарынан олардың бәрі де қаза тапты", - деп хабарлайды полициядағылар.

Сонымен бірге тағы бір ірі жол апаты Арқалық қаласына таяу жердегі Ашутасты ауылында болды. ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі автокөліктің, тағы да "Ауди" және "Жигули" автокөліктерінің соғысуы салдарынан он адам жараланды. Апатқа "Жигули" жүргізушісінің ереже бұзуы себеп болған.

Жалпы алғанда Қостанай облысындағы жолдарда бір аптада 21 жол апаты болып, 7 адам қаза тауып, 44 адам зардап шекті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны