22.12.2010, 14:58 2669

Қостанай облысындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен екі бала қаза тапты

Қостанай облысының Надеждинка аулындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қостанай облысының Надеждинка аулындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 11.50 Советская көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде орын алды. Жалын 1,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру кезінде бес және екі жастағы екі баланың денесі табылған.

Облыс бойынша ТЖД-ның өртке қарсы құрылымдары тілсіз жауды сағат 13.25 ауыздықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны