09.01.2008, 16:50 3274

Қостанайда қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

Қостанайда қарақшылық шабуыл жасағандар құрықталды

Қостанай. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың солтүстік аудандық ішкі істер департаментінің қызметкерлері облыстың орталығында болған қарақшылық шабуылдың бетін ашты. Бұл туралы агенттікке облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сол күні беттеріне перде жапқан бес адам, жеке үйге басып кіріп, 12 жастағы бала мен студент әпкесінің аяқ-қолын байлап, 1 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарды әкетті. Бала мен бойжеткенге қиянат жасалмады, олар тек қатты шошынып қалған", деді Қостанайдың Солтүстік АІД полиция полковнигі Юрий Мелихов.

Оның сөздері бойынша, арнайы тергеу-шұғыл тобы облыс орталығында күдіктілерді қолға түсірді. "Олардың ізіне зардап шеккендерден тартып алынған ұйлы телефон түсірді. Шабуыл жасағандардың бірі ұрлап алған ұялы телефонды пайдалану кезінде, оның анықтау дабылы іске қосылған. Сөйтіп тізбектеп, басқалары да анықталды", - деді Ю. Мелихов.

Тұтқындалған үшеуі, бұрын тұра сондай қылмыс үшін сотталған болатын. Күдікті қарақшылардың жасы 27- 48 аралығында. Олардың бәрі облыс орталығына жақын жатқан аудандарының тұрғындары. Ақшаны олар тең бөлісіп, ұстап қойған. Ал тоналған зергерлік бұйымдар иелеріне қайтарылды.

Бүгінде ҚР ҚК 179 бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны