13.12.2007, 18:55 2936

ҚР бұрынғы ІІМ басқарма бастығы 9 жылға бас бостандығынан айрылды- Астана прокуратурасы

ҚР бұрынғы ІІМ басқарма бастығы 9 жылға бас бостандығынан айрылды- Астана прокуратурасы

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Пара алған деген айыппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі басқармасының бұрынғы бастығы 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Астана прокурорының орынбасары Болат Дембаев хабарлады.

"$105 мың мөлшерінде пара алған ҚР ІІМ басқармасының бұрынғы бастығы М.Сыдықов, оның жандайшаптары А. Попов пен И. Степанов, сондай-ақ, ҚР премьер-министрі кеңсесінің бұрынғы қызметкері Н. Какиевке қатысты шығарылған сот үкімдері заңды күшіне енді", - деді Б. Дембаев.

"Олар бизнесмен Усатов және "Қарағанды нан" компаниясы қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін ақша бопсалап, пара алмақшы болған.

Прокурор орынбасарының мәліметтері бойынша, Сыдықов 9 жылға бас бостандығынан айырылса, Какиев, Попов және Степанов 8 жылға сотталды.

"Сот шешімімен олардың мүлкі тәркіленеді", - деді Б. Дембаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны