14.11.2022, 20:22 17346

Ұлттық Банк жалған теңгенің қай жерде жиі анықталатыны айтты

Ұлттық Банк жалған теңгенің қай жерде жиі анықталатыны айтты
Астана. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді), деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.
 
Биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалды – 161 дана, бұл – жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі.
 
Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.
 

Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады", - деді ҚҰБ Банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны