26.05.2011, 11:24 2819

Маңғыстау облысында батутта секіріп жүрген 14 бала зардап шекті

Телеарнаның хабарлауынша, осы түні зардап шеккен балалардың ата-анасы аурухана алдында шатыр тігіп түнеген. Оладың бәрі балаларының соңынан Қарақияқ ауданына келіп отыр. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Мұнайшы ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жойқын жел үрмелі батутты балаларымен бірге төңкеріп жіберген. Зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жеткізді. Ал хәлі тым ауыр төрт баланы облыстық орталыққа апаруға тура келді.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында 14 бала батутта секіріп жүрген кезінде зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында төтенше жағдай орын алған. Ауылдардың бірінде болған жойқын жел күтпеген жерден батутты төңкеріп, онға жуық бала ауыр жарақат алды. Бірнеше жерден мертіккен балаларды аудандық және облыстық ауруханаларға жеткізді. Қазір төрт бүлдіршін ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, осы түні зардап шеккен балалардың ата-анасы аурухана алдында шатыр тігіп түнеген. Оладың бәрі балаларының соңынан Қарақияқ ауданына келіп отыр. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Мұнайшы ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, жойқын жел үрмелі батутты балаларымен бірге төңкеріп жіберген. Зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жеткізді. Ал хәлі тым ауыр төрт баланы облыстық орталыққа апаруға тура келді.

"Естігеніміздей, батут еш жерінен бекітілмеген көрінеді. Балалар үстіне шығып секіргенде ол желден орнынан қозғалып тұрған. Балаларды сол кезде тоқтатуға болатын еді ғой", - дейді зардап шеккен қыз баланың әкесі Қамбар Рахмет.

Дәрігерлер қандайда бір болжам жасауға қорқып отыр. Барлық балалардың миы шайқалып, бас сүйегі мен басқа да буындары жарақаттанған. Екі жеті жасар қыз баланың жағдайы тым нашар. Біреуі клиникалық өлімді басынан кешкен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны