29.09.2010, 15:27 3262

Маңғыстау облысында "Интергаз Орталық Азия" газ құбыры қалпына келтірілді

Маңғыстау облысында "Интергаз Орталық Азия" газ құбыры қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 29 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында "Интергаз Орталық Азия" газ құбыры қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"28-қыркүйектің 18.00 жағдай бойынша апаттық-жөндеу жұмыстары толық қанды аяқталды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның кешенді бригадасының 165 қызметкері мен 69 техникасы жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 22-сінде 01.40 Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына қарасты Сай-Өтес кентінен 1 шақырым жерде "Интергаз Орталық Азияның" магистральді газ құбыры екі жерден жарылып, оның арты өртке ұласқан болатын. Апат салдарынан 110 кВ-тық жоғары қуатты электр тарату желісінің 200 метрі және 220 кВ-ты жоғары қуатты желінің 200 метрі зақымдалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны