14.09.2011, 14:36 4331

Маңғыстау облысында қарулармен жарақтанған көлік құрықталды

Екі апта ішінде Маңғыстау обылысында қару жасырған екі автокөлік ұсталған.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Маңғыстау облысында қарулармен жарақтанған көлік құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, екі апта ішінде Маңғыстау обылысында қару жасырған екі автокөлік ұсталған.

Маңғыстау облысының жол полициясы жалған нөмір тағып алған автокөліктен қарулы қылмыскерлерді тұтқындады. Қаскүнемдердің арасында біреуі 15 жаста ғана.

6 қыркүйек күні кешкісін Ақтау-МАЭК-Құрық тас жолында ішінде үш жас жігіт отырған "ВАЗ-2108" автомобилі ұсталды. Автокөлік пен ұсталғандардың киімін тінту кезінде дыбыс тұншықтырғышы бар ИЖ-79-8 маркалы тапанша мен ПР-73 полицейлік резеңке шоқпар тәркіленді.

Кейін белгілі болғандай, оған тағылған мемлекеттік нөмір де жалған болып шықты. Сонымен қатар автокөлік Атырау қаласы тұрғынының меншігіндегі мүлік және жүргізушінің оны басқаруға рұқсат беретін еш құжаттары жоқ екені анықталды.

Қару жайында жігіттер оны далада тауып алғандарын айтып ақталумен болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны