29.06.2009, 10:18 1163

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Астана. 29 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Бейнеу - Ақтау тас жолының 12-ші шақырымында 28 маусымда сағат 15.20-да "Тойота" жүргізушісі көлігін аударып алды.

Апат салдарынан 38 жастағы жолаушы апат орнында қаза тапты; ал 25 жастағы жүргізуші мен басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны