15.02.2011, 15:44 3961

Мексикада белгісіз біреулердің қолынан 18 жолаушы мерт болды

Белгісіз біреулер Мексиканың солтүстік-шығысында автобустағы жолаушыларға оқ жаудырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Белгісіз біреулер Мексиканың солтүстік-шығысында автобустағы жолаушыларға оқ жаудырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кемінде 18 адам қаза тапты, олардың арасында үш бала бар, деп мәлім етті Тамаулипас штатының құқық қорғау органдары.

Матаморос - Сьюдад-Виктория бағытында кетіп бара жатқан автобусты қару асынған адамдар тоқтатып, автоматтан оқ жаудырған. Бұл қылмыс не үшін жасалғаны әлі белгісіз.

Алайда бейресми мәліметтер бойынша, бұндай ауыр қылмысты есірткіге қатысы бар жергілікті адамдар жасауы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны