05.06.2012, 10:56 4860

Нигерияда ұшақ құлаған орында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр

Полицияның иісшіл иттері апатта қаза тапқандардың денелерін іздестіруде.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today Нигерияда ұшақ құлаған орында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Полицияның иісшіл иттері апатта қаза тапқандардың денелерін іздестіруде.

Нигерияның Қызыл Крест ұйымының хабарлауынша, осы уақытқа дейін 110 адамның мүрдесі табылған. Ұшақтың тұрғын үйлерге соғылып отқа орануына байланысты кейбір мүрделер өртеніп кеткен болуы керек. Жалпы ұшақ ішінде болған 153 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Сондай ақ жерде қаза тапқан адамдар саны анықталып жатыр. "Боинг Эм-Ди-83" жолаушылар ұшағы Лагос қаласының маңына құлардан бұрын ұшқыштар оның қозғағыштарында кінарат барлығын ескерткен. Осыдан екі жыл бұрын дәл осы ұшақтың қозғағышына құстардың соғылуына байланысты бұзылып, қайта жөндеуден өткені анықталды. Ұшақ апаты болған жерде Нигерия президенті Гудлак Джонатан болып қайтты. Ол осы апат Нигерияның дамып келе жатқан авиация саласы үшін соққы деп мәлімдеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны