28.04.2008, 18:40 3187

ОҚО мал барымтасын жасамақшы болған көп балалы ана ұсталды

ОҚО мал барымтасын жасамақшы болған көп балалы ана ұсталды

Шымкент. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс АІІД қызметкерлері ұрланған малды сату кезінде 44 жастағы әйелді құрықтады. Бұл туралы агенттік тілшісіне АІІД кезекшілік бөлімінде хабарлады.

"Қарабұлақ базарында (Сайрам ауданы) ол 32 мал басын сатпақшы болған. Барымташы әйел "УАЗ-Патриот" көлігінде өзі отырып төрт түлік мал тиелген "КамАЗ" көлігін қадағалаған. Оны ұстау барысында ол тиелген КамАЗ-ды айдап әкетіп, ізін суытпақшы болған. Алайда жасаған талпынысынан ештеңе шықпай, полиция қызметкерлерінің құрығына түсіп қалды", - деп хабарлады АІІД.

Кезекшінің ақпараты бойынша мал Арыс ауданының Ақдала ауылынан ұрланып, басқа ауданға сатуға тасымалданған.

Қолға түскен әйел көптеген алаяқтық оқиғаларға қатысты бар деген күдік те бар. Ол түрлі сылтаулармен азаматтардан ақша алып қайтармаған.

Бүгінгі кезде қолға түскен күдіктінің сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметтері бойынша әйелдің алты ересек баласы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны