23.06.2010, 12:46 1639

ОҚО өзеннен атпен өтпек болған екі ересек адам мен бір бала суға батып кетті

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше Мыңшейіт елді-мекенінде сағат 08.05-те Қасқасу өзенінен атпен өтпек болған 27 жастағы жігіт, 28 жасар әйел және 2008 жылы туған қыз суға батып кеткен.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today - ОҚО Төлеби ауданында өзеннен атпен өтпек болған екі ересек адам мен бір бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, кеше Мыңшейіт елді-мекенінде сағат 08.05-те Қасқасу өзенінен атпен өтпек болған 27 жастағы жігіт, 28 жасар әйел және 2008 жылы туған қыз суға батып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ судан құтқару қызметі олардың денелерін іздеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны