25.08.2006, 10:44 2850

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік шекараға таяу жерде оқ-дәрілер мен әскери техникалар табылды

АСТАНА. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік шекараға таяу жерде оқ-дәрілер мен әскери техникалар табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қазығұрт ауданында Қақпақ ауылының маңында шекарадан 100 метр жерде №18 шекаралық белгінің жанында 22-тамыз күні 18 сағатта жергілікті тұрғындар П-50Ш авиациялық бомба, екі заряд, ФП-100 атты төрт фотопатрон, РБК-1 жаяу әскерге қарсы мина мен С-5 зымыраны қозғалтқыштарының 10 корпусы табылды.

24-тамыздағы 15 сағаттағы жағдаймен табылған барлық жаралыс қаупі бар заттарды ҚР қорғаныс министрлігінің 63761 санды әскери бөлімінің саперлер тобы жарып жойып жіберді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны