07.02.2007, 18:05 2959

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанның тікұшағы апатқа ұшырады

ШЫМКЕНТ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстанның тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін 14 сағат 55 минутта Қақпақ шекара заставасының жанында, Қазақстан аумағында Өзбекстанның МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақтың ұшқышы қаза тапқан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, тікұшақ шекарадан өте берген сәтте оның арты өртеніп жатқаны байқалған. Оқиғаның себептері қазір анықталу үстінде. Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, шекарашылар, ҰҚКД қызметкерлері мен полицейлер келіп жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны