22.01.2010, 09:33 1540

Оңтүстік Қазақстан облысында жолда болған апаттың салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жолда болған апаттың салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында жолда болған апаттың салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай - Атакент тас жолында 21 қаңтарда сағат 09.12-де ВАЗ және "Ниссан" көліктері соқтығысты. Соның салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында Сергеевка - Тимирязево тас жолының 45-ші шақырымында "Фольксваген" және ЗиЛ көліктері соқтығысты. Апаттан үш адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны