10.01.2008, 10:39 1641

Оралда бір адам жауынгерлік гранатаның жарылысы салдарынан зардап шекті -ТЖМ

Оралда бір адам жауынгерлік гранатаның жарылысы салдарынан зардап шекті -ТЖМ

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оралда бір адам Ф-1 маркалы жауынгерлік гранатаның жарылысы салдарынан зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Оралда 9 қаңтарда 17 сағат 10 минутта қалалық № 1 соттың ішкі істер бөлімінің конвойлық взводының конвоиры, полиция старшинасы граната тауып алып, өз бетімен оның тұтандырғышын бұрамақ болған кезде жарылыс шыққан. Соның салдарынан қолынан жарақаттанған конвоир ауруханаға жатқызылды.

Арнаулы шаралардың барысында табылған заттың Ф-1 маркалы жауынгерлік граната екені анықталды. Затты қалалық ІІД "Арлан" арнаулы бөлімінің жауынгерлері жарату үшін тәркілеп алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны