15.02.2012, 13:39 3546

Өскеменде белгісіз біреулер қаладағы караоке-бардың жанында атысып, салдарынан бір адам мерт болды

14-ақпан күні сағат 00.10 жергілікті ауруханаға оқ тиіп, жараланған 22 және 32 жасар екі ағайынды жігіт жеткізілген.

Өскемен. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Өскеменде белгісіз біреулер қаладағы караоке-бардың жанында атысып, салдарынан бір адам мерт болса, тағы біреуі жарақаттанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс азақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-ақпан күні сағат 00.10 жергілікті ауруханаға оқ тиіп, жараланған 22 және 32 жасар екі ағайынды жігіт жеткізілген. Екеуі де Өскемен қаласының тұрғындары. Олардың бірі аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Белгілі болғандай, оларды Металлургов көшесінде орналасқан "Хотубей" караоке-барының жанында өздерінің жақын танысы жаралаған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп хабарлады ТЖД.

ШҚО ІІД мен Өскемен қаласының ІІБ білікті қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы құрылып, аталмыш қылмысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Бүгінгі күнде іс алға жылжып келеді, жақын арада қылмыс ашылады. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны