10.09.2009, 10:03 1537

Өскеменде кәріз жүйесіндегі апат салдарынан екі аудан сусыз қалды

Өскеменде кәріз жүйесіндегі апат салдарынан екі аудан сусыз қалды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде кәріз жүйесіндегі апат салдарынан екі аудан сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қыркүйекте сағат 14.00-де кәріз коллекторының жоғарғы құбырлар жиынтығы қирады. Сағат 17.00-де Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия Октябрь және Үлбі аудандарына су жіберуді шектеу және тоқтату жөнінде шешім қабылдады", -делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қала тұрғындарына су жеткізу жұмыстары атқарылды. Төтенше жағдайдың салдары бүгін жойылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны