08.01.2009, 17:22 3149

Өскеменде мұз қалашықта жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Өскеменде мұз қалашықта жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде мұз қалашықта жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 қаңтарда ІІД кезекші пультіне телефон қоңырауын шалған әйел Өскеменнің Комсомольский аралындағы мұз қалашықта жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Полицияға жалған ақпарат таратты деген күдікпен 43 жастағы мас күйіндегі әйел жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны