12.07.2013, 14:27 4963

Өскеменде сәби өлген анасының жанында 4 тәулік жатып тірі қалды

Бұл қайғылы оқиға өткен аптада Өскеменде орын алыпты. Қаладағы Өтепов көшесінің біріндегі үйде жас келіншек көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша әйелдің ажалы арақты мөлшерден тыс пайдаланғаннан орын алуы мүмкін екен. Ең сорақысы сол, үй ішіндегі марқұмның бір жарым жастағы қызы мәйіт жанында төрт тәулік бойы тірі жүрген, - деп хабарлайды YK-News.kz.

Өскемен. 12-шілде. Kazakhstan Today - Өскеменде сәби өлген анасының жанында 4 тәулік жатып тірі қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл қайғылы оқиға өткен аптада Өскеменде орын алыпты. Қаладағы Өтепов көшесінің біріндегі үйде жас келіншек көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша әйелдің ажалы арақты мөлшерден тыс пайдаланғаннан орын алуы мүмкін екен. Ең сорақысы сол, үй ішіндегі марқұмның бір жарым жастағы қызы мәйіт жанында төрт тәулік бойы тірі жүрген, - деп хабарлайды YK-News.kz.

Төрт тәулік бойы мәйіт иісімен тыныс алған бейкүнә сәби қазіргі кезде облыстақ Ана мен бала орталығына жатқызылыпты.

Ал баспасөз қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, үйдің кіреберісіндегі жағымсыз иістен тұрғындар секем алып, 2 шілде күні полиция бөліміне шағым түсіріпті.

"ТЖ мамандары мен полицейлер оқиға орнына келгенде пәтер ішінен әйелдің иістенген жансыз денесі табылды. Ал қасында... Жанында бір жарым жастағы бүлдіршіннің тірі жатқанын көрдік", - дейді ІІБ өкілдері.

- Төрт тәулік бойы сәби әбден ашығып, әлсіреген. Жағымсыз иіске еліткен ол қазір облыстық Ана мен бала орталығында әжесімен бірге сауықтырудан өткізіліп жатыр, - дейді олар.

Мәйіт сараптамаға жөнелтілген. Ал бүлдіршіннің болашағы әлі белгісіз болып тұр. Қалай болғанда да әжесі қамқорлығына алады немесе балалар үйіне тапсырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны