01.06.2012, 13:07 3916

Өткен тәулікте ел аумағында екі бала суға кетіп, көз жұмды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі, 31 мамыр күні Ақтөбе облысындағы Ырғыз көліне шомылу кезінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі" ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Астана. 1-маусым. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте ел аумағында екі бала суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі, 31 мамыр күні Ақтөбе облысындағы Ырғыз көліне шомылу кезінде 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Оның денесі ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі" ММ-нің 5 адамы мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Сол күні Алматы облысындағы Қараой кентінің маңында 4 жасар бала абайсызда көлге құлап, суға батып кетті. Оның мүрдесін судан оқиға куәгерлері шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны