31.08.2011, 13:23 7471

Өзінің немере ағасын өлтіріп, тонап кеткен қылмыскер ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының 20 жасар тұрғыны темір тұлпар алмақшы болған ағасын өлтіріп, ақшасын алып кеткен.

Шымкент. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Өзінің немере ағасын өлтіріп, тонап кеткен қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттіінің хабарлауыша, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының 20 жасар тұрғыны темір тұлпар алмақшы болған ағасын өлтіріп, ақшасын алып кеткен.

"Өткен аптада ОҚО-ның 29 жасар тұрғыны автокөлік алмақшы болып Алматыға келген. Оның соңынан ақшасын тартып алмақ болып, арам пиғылмен немере інісі де аттанады. Қалаға келген ол Бостандық ауданы Гагарин көшесі бойында ағасын тауып алып, ішінен бірнеше пышақ жарақатын салады. Одан кейін ақаша салынған сөмкесін алып, қылмыс жасаған жерден тайып тұрған", -дейді Бостандық ауданы ІІБ-ның бастығы Шамил Шүкібасов.

Туысқандар арасындағы жанжал түнгі уақытта орын алған. Ал зардап шеккеннің денесін сол маңда тұратын адамдар таңға қарай байқап полицияға хабарлаған.

"Мерт болған жігіттің қалаға не мақсатпен келгені белгілі болған соң, қылмыстың шығу тегі де анықтала бастады. Біраз сағат өткенде жедел-тергеу іс-шаралары күдіктілердің тізімін анықтап, оның қатарына жәбірленушінің немере інісінің де іліккендігі белгілі болды. Ол қылмыс жасаған соң қаладан кетіп, Шымкентке барып жасырынған. Криминалды полицияның ең тәжірибелі қызметкерлері оны жалға алған пәтерінде құрықтады", - деп атап өтті Ш.Шүкібасов.

Қылмыскер үйіне кетіп бара жатқан жолда Жамбыл облысы аумағында ағасының телефоны мен басқа да айғақ заттарын тастап кеткен. Қазір арнайы құрылған жедел-тергеу тобы тергеу жұмыстарын жүргізіп, айғақ заттарды жинау үшін Жамбыл облысына жүріп кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны