09.09.2010, 11:29 2940

Павлодар облысында шыққан орман өртінен 5 адам мерт болды, өрт сөндіруге РФ ТЖМ де кірісті

Павлодар облысында шыққан орман өртінен 5 адам мерт болды, өрт сөндіруге РФ ТЖМ де кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 9 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысында шыққан орман өртінен 5 адам мерт болды, өрт сөндіруге РФ ТЖМ де кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қыркүйектің 8-і күні 11 сағат 25 минутта Шарбақты ауданы, "Ертіс-орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің Шалдай филиалына қарасты Первомайский орманшылығында өрт болды. Аумағы 1000 гектарды құраған жалын Ресей Федерациясының аумағына өткен.

Сондай-ақ, Байымбет ауылының 25 тұрғыны Шоқтал ауылына көшірілді. Төтенше жағдайды ауыздықтауға Павлодар облысы бойынша ТЖД-ның 71 адамы мен 16 техникасы, сондай-ақ Первомайский орманшылығының 68 адамы мен 25 техникасы және жергілікті 120 тұрғын жұмылдырылды.

Сонымен қатар, түскі сағат 15.25-те "Ертіс -орманының" Бесқарағай филиалындағы Көкжал орманшылығында өрттің екінші ошағы бой көтерген. Оның аумағы 2 мың га құрады. Жабағалы ауданынан Шығыс Қазақстан облысының Беген ауылына 174 адам көшірілді.

Тілсіз жау, 33 және 51 жастағы азаматтардың өмірін қиды. 46 және 59 жастағы ер кісілер өртпен күресу барысында көз жұмған. 56 жастағы тағы бір әйел күйік шалып ауруханаға жеткізілген. Тағы бір адам із-түссіз жоғалып кеткен.

"Тілсіз жауды құрықтауға ТЖМ-ның 28 адамы мен 7 техникасы, ҚР Ішкі істер министрлігінің 36 адамы мен 12 техникасы және жергілікті 50 адам жұмылдырлыған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, сағат 17.30-да осы Бесқарағай филиалына қарасты Майқарағай орманшылығында өрттің үшінші ошағы анықталған. Ол жергілікті халықтың күшімен 17 сағат 50 минутта ауыздықталды.

"Аймақаралық сипаттағы орманды-далалы өрттерді жою жоспарына сәйкес, отпен күресуге жақын маңда орналасқан өңірлерден ҚР ТЖМ-ның құрылымдары, авиациясы ("Қазавиаспастың" 2 тікұшағы) мен Ресей Федерациясының авиациялық тобы сондай-ақ, "Қазақстан темір жолының" үш өрт пойызы (43 адам) мен 2 техникасы; ҚР ІІМ-нің 293 адамы (соның ішінде 190 әскери қызметкерлер) мен 8 техникасы; ҚР Қорғаныс министрлігінің 157 адамы мен 9 техникасы және 2 тікұшағы аттандырылды",- деп хабарлады ТЖМ.

Өрт орнына ҚР ТЖМ басшысы Владимир Божко, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Б.Омаров және Ауыл шарушалығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы Е.Нышанбаев барды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны