24.08.2007, 12:52 2351

Павлодарда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлердің өліміне қатысы бар күдікті деп танылған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Павлодарда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында осыдан 10 жыл бұрын кәсіпкерлерді өлтіруге қатысы бар күдікті деп танылған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. ПАВЛОДАР. Павлодарда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында осыдан 10 жыл бұрын кәсіпкерлерді өлтіруге қатысы бар күдікті деп танылған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД криминалдық полициясының криминалдық іздестіру бөлімінің бастығы Серік Құлбаев хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 35 жастағы Болат Ыдырысов кеше кешке Павлодар мен Астана арасында қатынайтын поезда жүзеге асырылған арнаулы операция барысында қолға түсті. "Кәсіпкерлерді өлтіргені және басқа да ауыр қылмыстары үшін көп жылдан бері бүкіл еліміздің шартарабынан ізделген аса қауіпті қылмыскер құрықталды", - деді С. Құлбаев.

"Іздеу шарасы сонау 1998 жылы Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстық құқық қорғау органдарының желісімен жарияланған", - деді полковник Құлбаев. Сол кезде тергеу қылмыстық топтың жетекшісінің ірі алматылық кәсіпкерді өз үйінің кіреберісінде атып өлтіргенін анықтаған болатын. Бұған қоса ол 2004-жылы Шығыс Қазақстан облысының Ақтоғай станциясында тұратынркәсіпкерді Калашников автоматынан атып өлтірген күдікті деп танылған. "Осы жылдардың ішінде қылмыскер еліміздің түрлі қалаларында жасырына жүріп қарақшылық шабуылдар мен тонаушылық қылмыстарын жасады", - деді полицей. С. Құлбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен қылмыскердің алты аса ауыр қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр.

Полицияның мәліметіне сәйкес, тұтқын бұрын еркін күрестен Қазақстанның чемпионы болған және оның спорт шебері деген атағы бар. "Ол басқарған қылмыстық топ Шығыс Қазақстан облысының Үшаралынан шыққан қылмыскер жастардан құралған", - деп түсіндіреді ІІД. Басбұзарлар негізінен Алматы мен Талдықорған аумағында әрекет еткен. Полицияның хабарлауынша, таяу уақыттрада ұсталған тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін Алматы облыстық құқық қорғау органдарына табысталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны