19.09.2006, 11:01 2490

Павлодарда коммерциялық банктің бөлімшесіне шабуыл жасалып, күзетші мерт болды

ПАВЛОДАР. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда бүгін түнде Қазкоммерцбанктің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалып, 35 жастағы күзетші мерт болды, деп Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицияның оңтүстік бөлімінің бастығы Талғат Арыновқа сілтеме жасап хабарлады.

Коммерциялық банктің күзетшісінің мәйіті бүгін түнде 5 сағат шамасында табылған. Күзетшіні біреулер өзінің табельді қаруынан басынан атып өлтірген.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, банкке кіре беріс есік ашық болған. Алайда, алдын-ала мәліметке сәйкес, банктен ештеңе тоналмаған.

Қазір оқиға тексерілуде. Тәртіп сақшылары әзірге егжей-тегжейлі ақпаратты таратпай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны