03.12.2007, 10:01 1767

Павлодарда маневр жасайтын локомотивтің автобуспен соғысуы салдарынан алты адам жараланды

Павлодарда маневр жасайтын локомотивтің автобуспен соғысуы салдарынан алты адам жараланды

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда маневр жасайтын локомотивтің автобуспен соғысуы салдарынан алты адам жараланды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бес бос вагон сүйреген маневр жасайтын локомотив 2 желтоқсанда Павлодар мұнайхимиясы зауытының реттелмейтін темір жол өткелінде "Икарус" маркалы автобуспен соғысты. Апат кезінде автобуста 7 жолаушы болған.

"Апат салдарынан автобуста отырған 6 адам жараланып, соның ішінде 23 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды, басқалары дәрігердің көмегі көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны