04.09.2009, 10:30 1603

Павлодарда менингиттен бір мұғалім қайтыс болды, жұқпалы ауру ошағы табылған жоқ - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі

Павлодарда менингиттен бір мұғалім қайтыс болды, жұқпалы ауру ошағы табылған жоқ - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі

Павлодар. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодарда менингиттен бір мұғалім қайтыс болды, ол оқытушы-мұғалімдердің тамыз конференциясына қатысқан, жұқпалы ауру ошағы әзірге табылған жоқ. Бұл туралы кеше Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің облыстық департаментіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жас мұғалімнің өлімге душар болуына менингококк жұқпасы себеп болған. Ауру тым жедел асқынған. Изірге оның қалай және қай жерде ауырғаны белгісіз күйінде қалып отыр", - леп хабарлайды СЭС.

Мұғалім әйел 26 тамызда облыстық ұстаздардың дәстүрлі конференциясына қатысқаны белгілі.

"27 тамызда оның жағдайы нашарлап кеткен, сол күні оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген, 29 тамызда ол қайтыс болды", - деп хабарлайды СЭС. Санитарлық дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, әйелге "менингококк жұқпасы", "менингококцемия", "менингококк негізіндегі назофарингит", "Уотерхауз - Фридерихсен синдромы", "ДВС-синдром", "инфекциялық уланудан алған шок" т.б. диагноз қойылды.

"Онымен қарым-қатынаста болған мектептегі және отбасындағы 53 адам жедел дәрігерлік бақылаудан өтті, олардың ешқайсысынан да ауру қоздырғышы табылған жоқ", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны