30.06.2010, 11:12 3035

Павлодарда сібір жарасын жұқтырған тағы бір адам анықталды

"26 маусымда бізге тағы бір науқас келіп түсті. Өзінің айтуынша, ол ауру малдың етін мүшелеу мен тасымалдауға қатысқан. Ол сібір жарасының клиникалық көріністерімен келіп түсті", - деді К. Арғынова. Ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бұған дейін сібір жарасымен ауырған төрт адамның жатқанын түсіндіріп өтті. Ол сондай-ақ, жаңадан келіп түскен науқастың Павлодарда уақытша тұрып жатқанын және дәрігерлерге өз бетімен қаралғанын хабарлады.

Павлодар. 30-маусым. Kazakhstan Today Павлодарда сібір жарасын жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бұл туралы брифингте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Күнсұлу Арғынова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"26 маусымда бізге тағы бір науқас келіп түсті. Өзінің айтуынша, ол ауру малдың етін мүшелеу мен тасымалдауға қатысқан. Ол сібір жарасының клиникалық көріністерімен келіп түсті", - деді К. Арғынова. Ол облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында бұған дейін сібір жарасымен ауырған төрт адамның жатқанын түсіндіріп өтті. Ол сондай-ақ, жаңадан келіп түскен науқастың Павлодарда уақытша тұрып жатқанын және дәрігерлерге өз бетімен қаралғанын хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 маусымда түнгі сағат 02.30-да Павлодар облысының Ақсу ауданының Жолқұдық ауылдық округының Қаракөл және Ребровка ауылдарында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жатқызылған еді.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі уақытта олармен байланыс жасаған адамдар саны 118 адамға жеткен. Қазіргі сәтте ауруханада 9 адам жатыр. Оның төртеуінде "сібір жарасы" диагнозы ресми түрде расталған. Екі науқас көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны