19.07.2016, 11:42 7106

Павлодарлық прокуратура Екібастұзда тәртіп сақшыларыныӊ қатысуымен орын алған атысты тексеруде

Павлодар облыстық прокуратурасы Екібастұз қаласыныӊ "Шеки" кафесінде орын алған атысты тексеруде. Атыс кезінде ІІБ қызметкері мен прокурордыӊ көмекшісі жарақаттанған

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Павлодар облыстық прокуратурасы Екібастұз қаласыныӊ "Шеки" кафесінде орын алған атысты тексеруде. Атыс кезінде ІІБ қызметкері мен прокурордыӊ көмекшісі жарақаттанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Агенттікке белгілі болғандай, оқыс жағдай сенбі күні болған. Прокуратура қызметкері кафеде көӊіл көтеріп отырған 1993 жылғы екі жігітке ескерту жасап, артынша атыс басталған. Жараланған екі азамат қалалық ауруханаға жеткізілді, жас жігіттер оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура мен ІІД аталмыш жағдайды растады. Ал, ІІД-ніӊ баспасөз қызметі ресми ақпарат беруге уәде берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны