08.04.2013, 14:22 4229

Перуде тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты

Перу мемлекетінде Perenco мұнай өндіруші кәсіпорнына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.

Астана. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Перуде тікұшақ құлап, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Перу мемлекетінде Perenco мұнай өндіруші кәсіпорнына тиесілі Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы РБК мәлімдеп отыр.

Reuters жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, оның ішінде 13 адам болғанын көрсеткен. Олар - 9 жолаушы және 4 экипаж мүшелері.

Тікұшақ 7 сәуір күні Эквадормен шекарада халқы аз Лорето ауданының солтүстігінде құлаған.

Оқиға орнында 2 тікұшақ және Перу әскерінің сарбаздары жұмыс істеуде. Изірге апаттың себептері беймәлім.

Perenco кәсіпорнының мәліметінше, тікұшақтағы адамдар - Перу тұрғындары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны